МАНИФЕСТ

lat: Manıfes

Коносаменттер тізімі берілген құжат. Қабылдау кемежайда кеден органдары мен стивидорлық компанияларға кеме әкімшілігі беретін құжат. Берілген коносаменттердің деректері бойынша жасалады және онда кеменің атауы, жүк тиеу кемежайы, коносаменттердің нөмірлері, әр коносамент бойынша жүктің атауы, салмағы көлемі және саны, жүкті жөнелтушілер мен алушылардың атауы, жүктің таңбалануы, фрахт мөлшерлемесі мен сомасы болады.