lat: Manevr joldary
ә с к. Құрамалардың (бөлімдердің) әрекет жасау аумағында екінші эшелондардың маневрлері үшін, материалдық құралдарды жеткізуге, науқастар мен жаралыларды, қираған техника, қару-жарақ және әскери мүліктерді жеткізуге арналған әскери жолдар. М а н е в р ж о л д а р ы құрамына маңдайшептік және рокадалық бағыттардағы негізгі және қосалқы жолдар, бөлімшелер, бөлімдер және тылдық мекемелердің орналасу аудандарына келетін жолдар, жолдардың қиын өтімді бөліктерін айналып өту жолдары және ауыр шынжыр – табанды техникаға арналған лек жолдары кіреді (Қаз. тілі термин.Әскери.). М а н е в р ж о л д а р ы н дайындау мен пайдалану барлау, жолдарды қалпына келтіру мен жөндеу және жаңа жолдар, айналма жолдар салу, көпірлер тұрғызу, су бөгеттерінің түбі арқылы өту үшін трассалар дайындау, оларды жол белгілерімен және жол көрсеткіштерімен жабдықтау, жолдарды өтімді жағдайда ұстау және оларда коменданттық қызмет ұйымдастырудан тұрады (Қаз. тілі термин. Әскери.).