МАНТИЯ

lat: Mantıa

зат. геогр. Жер қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера.

Болжал бойынша, мантия құрамы ауыр минералдарға бай, негізінен, магний мен темірден тұрады (ҚҰЭ).

Астеносфера қабатынан басқа мантиядағы заттар қатты кристалдардан құралған (ҚҰЭ).

Мантия тектоникалық қозғалыстармен, магмалық жанартаулық т.б. процестермен тығыз байланысты (ҚҰЭ)