lat: Mantıa
[грек. mantion] зат. зоол. Омыртқасыз жануарлардың (моллюск, иықаяқтылар, мұртаяқты шаянтәрізділер) денесін түгелдей не ішінара жауып тұратын тері қатпары.
Мантия астында омыртқасыз жануарлардың денесі орналасады. Омыртқасыздардың сыртқы қаңқасы көбіне мантиядан түзіледі (ҚҰЭ). Жануар денесі мен мантия арасында сыртқы ортамен байланысатын мантия қуысы болады (ҚҰЭ).