Марксизм

lat: Marksızm

К.Маркс және Ф.Энгельс негіздеген, пролетариаттың таптық идеологиялық доктринасын бейнелейтін философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесінің анализі, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары ХІХ ғ. екінші жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені ауқымдылықпен қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани, көзқарастық революция идеясын жариялады.