ұрғашыда еркектік екінші жыныс белгілерінің дамуы. Гормональды баланстың бұзылу салдарынан аналық балықтарда, қосмекенділерде, құстарда, сүтқоректілерде байқалады. Жүкті аналық сүтқоректілерге (егеуқұйрық, тышқан, теңіз шошқалары) немесе құстардың жұмыртқасына аталық жыныс гормонын енгізгенде аналықтарда аталықтарға тəн белгілер байқала бастайды. Піштірілген тауыққа аталық жыныс безді ауыстырып қондырғанда онда қораздық айдар, қораздық əн салу қабілеті жəне аталық жыныстық инстинкт дами бастайды. Адамда маскулинизация вирилизм деп аталады.