Маскулиндік пен фемининдік айырмашылық

lat: Maskýlındik pen femınındik aıyrmashylyq

(masculinity versus femininity) гендерлік және жұмыс рөлі арасындағы өзара қарым-қатынас теориясы. Ерлер мәдениетінде жыныстық рөлдер қатаң сараланған және билікке қол жеткізу, оны тиімді жүзеге асыру іспетті дәстүрлі «еркектік құндылықтарды» мәдени идеалдар анықтайды; әйелдердің мәдениетінде жыныстық рөлдер аса көп байқалмайды, ал бірдей жұмысты атқару кезінде ерлер мен әйелдер арасында айырмашылық аз.