Материя

lat: Materıa

Материятуралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. «Материя» деген терминді қолданбаған бірде-бір философиялық мектеп немесе бірде-бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес. Материя ұғымы - дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай-ақ, философиялық ой - жүйенің даму деңгеймен байланысты еді. Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші - материалдық дүниені танып - білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті - санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі. Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді. Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.