lat: Materıalızm
Идеализмге қарама-қарсы ғылым, философиялық бағыт.Сыртқы дүниенің объективті түрде өмір сүретіні жайлы барлық адамдардың стихиялы сенімі ретіндегі Материализмнен ғылыми тұрғыда негіздерген филосиофиялық дүниетаным ретіндегі Материализмді айыра білу қажет. Философиялық материалдылықтың алғашқылығын және руханилықтың, идеалдылықтың соңғылығын тұжырымдайды, ал бұл дүниенің мәнділігін, оның ешкімнің жаратпағандығын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі дей отырып, материализм оған сыртқы дүниенің бейнелену формасы ретінде қарайды, сөйтіп табиғаттың танымдылығын қостайтады. Философия тарихында материализм әдетте қоғамның алдыңғы қатарлы таптары мен топтарының ғана дүниетанымым болды, олар дүниені дұрыс танып білуге, адамның табиғатқа үстемдігін күшейтуге мүдделі еді. Ғылым жетістіктерін қорытындылай отырып, материализм ғылым білімнің өсуіне, әдіс тәсілдердің дамуына жағдай жасады, ал бұл адамзаттың өзінің практикалық әрекетінде табысқа жетуіне, өндіргіш күштердің дамуына игі әсерін тигізді. Ертедегі материалистердің көбі стихиялы диалектик болды. Алайда олардың көпшілігі бүкіл табиғаттың жаны бар деп санап,физикалық пен психикалықтың арасындағы айырмашылықты ажырата алмады. Ертедегі материализмде материалистік және диалектикалық пікірлердің дамуы әлі де мифологиялық идеологияның шырмауында еді. Орта ғасырларда материалистік бағыттар шоминализм формасында «табиғат және құдайдың мәңгілігі» жайлы және ерте пантеистік күпірлік ілімдер түрінде көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде материализм көбінесе пантеизм және плозозаизм формасын киіп, табиғатты біртұтас түрде қарастырды, сөйтіп көп жағдайда ежелгі заманның материализмне ұқсас болды. Материализм кейіннен 17-18ғасырларда Европа елдерәнде әрі қарай дамыды. (Бэкон, Галилей, Гоббс, Гасенди, Локк). Материализнің бұл формасы капитализмніңм дүниеге келуіне байланысты өндірістің, техника мен ғылымның дамуы негізінде пайда болды. Сол кездегі прогрессивтік буржуазия табының идеологы ретінде қарастырды. 17-18 ғасырда қауырт өсіп келе жатқан механикамен байланысты болғандықтан механиалық сипатқа ие болды. Қайта өркендеу дәуіріндегі натурфилософ материалистерге қарағанда 17-ғасырдың материалистері табиғаттың соңғы элементтерін сапасыз және өлі деп қарастыра бастады. Материализмнің тағы бір ерекшелігі - бұл дәуірде табиғатты бір-бірінен байланыссыз айтарлықтай алшақ зерттеу объектілері мен салаларына бөліп талдау жасады және оларды дамудан тыс қарастырды. Бұл кезеңнңғ материалистік философиясы өкілдері ішнде 18-ғасырдағы француз материалистерінің (Ламетри, Дидро, Гельвеций және Гольбах) орны ереше. Жалпы алғанда қозғалыстың механистік ұғымы айқындамасын ұстана отырып, олар Толвидтің пікірін қолдады, қозғалысты табиғаттың бөлінбейтін әмбебап қасиеті ретінде қарастырып, 17-ғасыр материалистерінің көпшілігіне тән дойктік дәйексіздіктен толық бас тартты.