Материяның қозғалыс формалары

lat: Materıanyń qozǵalys formalary

Материя объектілерінің нақтылы заңдылықпен игеру ерекшеліктері. Материяның қозғалыс формалары материяның ішкі құрылымымен оның даму дәрежесіне сәйкес қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, негізгіден туындыға айналуы қозғалыс тұрақтылығымен айқындалады. Оның басты принциптері: 1. Материяның қозғалыс формаларының әрқайсыссына тән материалдық негіз болады. 2. Материяның қозғалыс формалары сана жағынан әрқилы демек, өзара барабар емес. 3. Материяның қозғалыс формаларының бір біріне айналуының өзіне тән заңдылықтары бар. 4. Материяның қозғалыс формаларының классификациясы ғылым салаларын анықтауға негіз болады. Материяның қозғалыс формаларының ішіндегі ең қарапайымы қозғалыс болғандықтан, ол қозғалыс формаларының барлығына ортақ қасиет дейді күрделілігі жағынан екінші сатыға физика ғылымы зерттейтін жылу, жарық, электр, магнетизмді, ал одан жоғарғы сатыға химиялық процестер мен органикалық процестерді қояды. Материяның қозғалыс формаларының бұл түрлерін (механикалық, физикалық, химия,биологиялық процестерді) табиғат саласындағы негізгі формалар деп саналды. Материяның қозғалыс формаларының өзгеше түрі - оның әлеуметтік формасы. Материяның құрылымын терең зерттеулер нәтижесінде бүгінде бізді қоршаған объективтік әлемнің жаңа түрлері зерттелініп,Материяның қозғалыс формаларының ерекше қырлары ашылып отыр. Материяның сарқылмастығы жөніндегі қағида Материяның қозғалыс формаларының да алуан түрлігіне негіз болады. Материяның қозғалыс формаларының зерттеудегі ғылымның алдында тұрған мәселе материалдық объектілер арасындағы байланыстарды айқында