Медиатор

lat: Medıator

нерв ұштарынан бөлінетін биологиялық белсенді заттар. Олар қоздырушы, синапстық жəне тежеуші медиаторлар болып бөлінеді. Қоздырушы медиаторлар постсинапстық мембрананы деполяризациялап, оның натрий мен калий иондарына өтімділігін жоғарылатады да, қоздырушы постсинапстық потенциал тудырады. Синапстық медиаторлар нерв талшықтарының ұшынан бөлініп, постсинапстық потенциал тудыру арқылы импульстың синапс арқылы берілуін қамтамасыз етеді. Тежеуші медиатор постсинапстық мембрананың хлор мен калий иондарына өтімділігін арттырып, постсинапстық мембрананы гиперполяризациялайды да, тежеуші постсинапстық потенциал тудырады. Бұл медиаторлар тобына гамма-аминді май қышқылы мен глицин жатады.