Медициналық эвакуация

lat: Medısınalyq evakýasıa

әск. Жаралылар мен ауруларды ұрыс даласынан, ұрыс қимылдары ауданынан не терең тылдан емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау.дау.

Медициналық эвакуация жаралылардың (аурулардың) жарақатының ауырлығына, медициналық көмекті қажетсіну дәрежесіне, денсаулығын қалпына келтірудің мөлшерлі мерзіміне байланысты ұйымдастырылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).