lat: Medalón
[франц. medaillon] зат. Салынған адамның портреті не бір нәрсенің суреті бар, сопақша я дөңгелек келген, мойынға тағып жүретін асыл бұйымды кішкене қорап.
Аты-жөнімізді жазып, өз бойымызда сақтау үшін әрқайсымызға кішкентай медальон берілді (М.Иманжанов, Адам.). Қолымызға бір-бір медальон ұстатқан... Өліп қалсаң, жанымыздағы жолдасымыз сол медальондағы адреспен хабарламақ (Т.Ыдырысов, Жалын. жыл.).