lat: Medalıs
зат. 1. Мектепті үздік бітіріп, медаль алған оқушы .
– Біздің Жәнібек ешкімнің көмегінсіз-ақ түсіп кетеді, – деді Сапар жайып-шуып, –Медалистер бір сабақтан бес алса жетеді (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Медалистердің үштен бірі ғана түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырды («Қазақст. мұғ.»).
2. спорт. Белгілі бір спорт түрі бойынша жарыста жеңіске жетіп, медаль иеленген спортшы.