lat: Melıorasıaályq gıdrogeologıa
[лат. melioratio – жақсарту] сушар. Топырақ құнарлығын үдемелі арттыру және ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты мол өнімді алуды қамтамасыз ету мақсатымен гидрогеологиялық жағдайларды жерді мелиорациялау процесінде зерттейтін және мелиорациялық шараларды (жер суару, суландыру, құрғату және т.б.) жобалаумен айналысатын гидрогеология ғылымының қолданбалы
саласы.Мелиорациялық гидрогеология– мелиорациялық жүйені жоспарлауға қажетті су пайдалану және гидромелиорациялық шаралар көрсеткіштерін табумен қатар, аумақты табиғи сумен қамтамасыз ету мен суармалы жерлерді өңдеу режімінің заңдылықтарын зерттейтін құрлық гидрологиясының басты бөлімі (Қаз. тілі термин. Су). Мелиорациялық гидрогеологияның негізгі міндеті – су режімінің егістікке пайдалану аумағындағы ағуы, сіңуі заңдарын және оның негізгі гидрологиялық көрсеткіштері мен гидромелиорациялық шараларды жоспарлау мен пайдалану, сонымен қатар – өзеннің, көлдің, су қоймасының және т.б. гидрологиялық есептеулерін жерді мелиорациялау кезінде пайдаланады (Қаз. тілі термин. Су).