Мемориал құрылыстар

lat: Memorıal qurylystar

Белгілі бір халықтың, қалалардың тарихы мен жеке тұлғалардың еңбегін есте қалдыруға арналып салынған архитектуралық-мүсінді ескерткіштер ансамблі.

Мемориал құрылыстар тарихы өте ертеден бастау алады. Ежелгі Египетте (пирамидалар), Грекияда (Салтанатты аркалар), Рим империясында (колонналар) мемлекеттік құрылыстардың классикалық түрлері кеңінен қолданылған (ҚҰЭ).