lat: Menú
зат. Мәзір (көпшілік тамақтанатын орындардағы тағамның түрі, бағасы көрсетілген дастарқан мәзірі).
Айран, сүт, салат, кофе, шай – қайсысы керек! – Бәрі деменюде жазулы (Ғ.Сланов, Замана.). – Мынау – меню деген қағаз. Не керегің осының ішінен табылады (С.Жүнісов, Өшп. іздер). Сөйтіп, қышқылы азайған гастриті бар адамға мына төмендегідей менюдің нұсқасын ұсынған болар едік (М.Қайрақбаев, Ескермеген.).