lat: Menedjer
[ағылш. мanager – басқарушы] зат.1.экон. Өндірісті және тауар айналы- мы ісін басқару жөніндегі маман.
Менед-жер келісімшарт (шарт, жал) бойынша жұмыс істейді, оның кәсіпқойлық даярлық деңгейі жоғары, басқару жүйесінде жүзеге асырылатын қызметі әлеуетті болуы керек (Қаз. тілі термин. Информатика). Менеджерлер – фирманың штаттық қызметкері фирма менеджментінің өкілі болып табылатын орташа және жоғары басшылық құрамының лауазымды адамдары (Қаз. тілі термин. Информатика).
2. Жалда- малы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман.
2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесінің менеджерлерін даярлау, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қайта даярлау жүйесін жасау; әлеуметтік сипаты бар аурулардың алдын алу шаралары қолға алынды («Жас Алаш»). Оның есесіне салымшының дер- бес есепшотының жасалған көшірме қағазды зерттеп, түсіну үшін бастапқы кезде менед-жердің көмегі өте қажет («Егемен Қазақстан»). Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі ке- рек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, та- уарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады (ҚҰЭ).
3. и н ф. Компьютердің жұмыс бабында кездесетін іс-әрекет жиынын орындайтын бағдарлама.
Менеджер компьютер жадын басқарады (Информатика).