Қандай да болсын бір объектінің субъектіге иелігі, ондай объект жеке адамдар,олардың топтары, мемлекет, қоғам түрінде болуы мүмкін. Субъектіге байланысты меншік өзіндік жеке ,кооперативтік, қоғамдық болып келеді. Субъектінің тіршілік саласында ең алдымен өндірістік қызметке енетінінің бәрі Меншік объектісі бола алады. Меншіктің тарихи жағынан айқындалған формасы қандай болса да өндірістік әдіс саласында адамдар арасындағы өндіріс және ұдайы өндіріс жөніндегі сол өндіріс әдісіне сай келетін қатынастар ретінде қалыптасады. Қоғамдағы барлық меншік қатынастарын осы қатынастар айқындайды және қондырмада орнығады. Әлеуметтік тарихи жағынан Меншік бірнеше даму кезеңәнен өтеді және негізгі екі формада –қоғамдық және жеке меншік формасында өрбиді. Өндіргіш күштердің дамуы және айырбастың пайда болуы Жеке меншіктің пайда болуына әкеп соғады, сонымен бірге таптар да қалыптасады. Тарихи даму таптық-антогонистік қоғам кезеңіне аяқ басады.