Мерейі асты

lat: Mereıi asty

Мәртебесі жоғарылады, абыройы артты, беделі өсті.

Адал жанды аққа бер,Мерейі асқан өренім Кебек сынды таққа бер (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

Қанеки, аға, қүшағыңды ашып, кеудеңе басшы ініңді бүгін, Алдында халықтың мерейім асып, жеңілдеп қалсын көтерген жүгім (Ә.Төжібаев, Таңд. шығ.).