МЕТАЛЛУРГ

lat: MetalÝRG

зат. Металлургия маманы.

Сұрақтардың барлығына металлург жауап қайтарды (Қ.Мыңжанов, Шыңдалған.). Поляк металлургтері құмнан әуелі темір, одан кейін болат алатын болды (Ғалам ғажап.). Мамандар металлургтермен ақылдасып, пешті қайткенде де сөндірмей тазарту керек, деген бір-ақ қорытындыға келді (Ж.Дүйсекеев, Гүлден.). Жас металлург Жамбыл облысында жүзеге асқан елеулі өзгерістер туралы айтты («Егемен Қазақстан»).