lat: Metalýrgıa
зат. 1. Металл өндіретін, оларды өңдейтін өнеркәсіп орны .
Магнитогорск металлургия комбинаты сапалы құрыш құйып, мемлекетімізге есепсіз пайда келтіретін болды (С. Мәуленов, Жер нәрі). Теміртау еліміздің шығысындағы аса маңызды металлургия базасына айналып отыр («Лен. жас»).
2. Металдың өнеркәсіптік өндірісі туралы ғылым саласы.
Металлургияға кендерден металды ажыратып алу, металды қажетсіз қоспадан тазарту тәсілін зерттеу жатады («Зерде»).
3. т е р м. Ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің кеннен немесе басқа материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Металлургияда кеннен металдарды ажыратып алуға дайындау мақсатымен кенді өңдеу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту, металл бұйымдардың бетін әдемілеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатпен қаптау т.б. қамтылады (Қаз. тілі термин. Химия).