өнімнің өңделетін тұстарына металды түсті жалтырақ фольгаларды қойып, үстінен қыздырылған штамптармен престеп бастыру арқылы алтын-күміс немесе басқа әртүрлі түстердің жалтырақтығы мен бояу түсін қалыптастырады. Бұл өңдеу әдісі айпараларды, мақтау қағаздарды, шақыру билеттерін, түптеу мұқабаларын және т.б. көптеген өнімдерді өңдеуде қолданылады.