МЕТЕОРОЛОГИЯ

lat: Meteorologıa

[грек. meteora атмосфера, logos ілім] зат.терм. Ауа райы мен басқа да атмосфералық құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы .

Атмосфераны және ондағы болатын құбылыстарды өз алдына метеорология ғылымы тексереді (X.Әбішұлы, Халық астрон.). Метеорология станциясының жылдық қорытындысына қарағанда, бұл тәжірибе танабына бір жылда орта есеппен 120140 мм ылғал, ал мұның 6070 проценті күз, қыс айларында түседі.Әбдірайымов, Шөл жайылым.). Метеорологияның басты міндетінің бірі ауа райын алдын ала анықтау (ҚҰЭ).