Міндет қойылу

lat: Mindet qoıylý

Орындалуға тиіс іс-әрекет белгілену. “Жаңашылдық ұғымы отаршылдықтан босаған елдердің алдында тарихи даму жолын таңдап алу м і н д е т і  қ о й ы л у ы н а байланысты, XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап кеңінен қолданылып жүр (Н.Ә.Назарбаев, Ғасыр. тоғ.). Өткен жылдардың тәжірибесінäе жыныстарды ретсіз төгу тән болса, қазір үйінділерді шаруашылық айналымға тезірек қосу м і н д е т і  қ о й ы л у д а (Т.Қалыбеков, Экология.).