МОБИЛИЗАЦИЯ

lat: Mobılızasıa

[лат. mobilis] зат.1.әск. Мемлекеттің қарулы Күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру ісі .

ҚР Президенті Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды (ҚР Конституциясы). Көлеміне қарай жаппай мобилизация, ішінара мобилизация болып екіге бөлінеді («Жас Алаш»).

2. әск. Әскери міндетті адамдарды жаппай әскери қызметке шақыру ісі.

Үкімет жаппай мобилизация жариялаған, армияға ала бастаған.Соқпақбаев, Өлгендер.).

3. Қайсыбыр тапсырманы шұғыл түрде орындау үшін халықты іске тартып, жұмылдыру әрекеті.

Жолда жүргендердің барлығы да мобилизацияға ілінеді (I.Жансүгіров, Шығ.). Қазақтарды тылдағы қара жұмысқа зорлап мобилизация жасайды екен деген сыбыс шықты.Қаратаев, Далада.).