МОДАЛЬДЫЛЫҚ

lat: ModálDYLYQ

[франц. modalite] з а т. 1. биол. Белгілі бір сенсорлық жүйенің белсенуі негізінде пайда болатын түйсіктер жиынтығы.

Модальдылық ұғымы тітіркендіргіштердің қасиетін анықтау үшін қолданылады (Биология).

2.лингв. Айтылған пікірдің шындық болмысқа, сонымен бірге оған сөйлеушінің әртүрлі субъективтік бағасын білдіретін функционалды-семантикалық категория.

Модальдылық рай, жақ формалары, модальдық етістіктер, модальдық сөздер, интонация т.б. әртүрлі грамматикалық, лексикалық тәсілдер арқылы берілетін, табиғи тілдердің бәріне тән жалпылама сипаттағы категория (Ғ.Қалиев, Тіл білімі сөздігі).