МОДУЛЯЦИЯ

lat: Modýlásıa

[лат. modulatio] зат.муз. 1. Бір үннен басқа үнге көшу.

Модуляция жолымен ауыз органдары бірте-бірте бір анық дыбыстан соң бір анық дыбыс шығарады (К.Жарықбаев, Психология).

2. Үннің құйқылжуы, бір құбылып, бір қайтып өзгеруі.

Жақсы модуляция туғызу үшін берілген сигналды модуляциялық трансформатор арқылы беру керек («Халық мұғ.»).