Модификациялық жұрнақ

lat: Modıfıkasıalyq jurnaq

Жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде м о д и ф и к ац и я л ы қ  ж ұ р н а қ т а р ғ а зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады (ҚҰЭ).