Модель коммуникациялары

lat: Model komýnıkasıalary

іс-әрекет (кері байланысты жүзеге асырмай сигналдарды берудің біржақты процесі), өзара іс-қимыл (ақпарат алмасудың екі жақты процесі), коммуникативтік процесс (коммуниканттар кезекпен және үздіксіз ақпарат көзі мен алушы рөлінде болады). Коммуникация модельдері әртүрлі негіздер бойынша (әлеуметтік, психологиялық, семиотикалық) құрылымдалады. Г. Почепцов әдеби, театр, герменевтикалық, фольклорлық, мәдени, прагматикалық, нарративті, мәтіндік, философиялық, ойын, антропологиялық, заттық, деконструктивистік, постструктуриалистік, математикалық, кибернетикалық, барлау, конфликтологиялық және т.б. коммуникацияларды бөледі. Барлық модельдерді функциялары, мазмұны, нысаны, мақсаттары мен міндеттері бойынша құрылымдауға болады.