lat: Monografıalyq
сын.1. Монографияға байланысты, соған тән .
1932 жылы С.Сейфуллиннің көптен жоспарлап, ойлап жүрген, монографиялық еңбегі – «Қазақ әдебиеті» оқулығы жарық көрді («Қазақст. мұғ.»). Мұғалімнің оқушыларға әрбір оқылатын тақырыпқа байланысты күрделі монографиялық еңбектермен жұмыс істеу әдісін түсіндіргені жөн («Қазақст. мект.»). Әдебиеттану ғылымының ең бір күрделі проблемасы жүйелі түрде зерттеліп, монографиялық талдау тұрғысында зерттелмепті («Лен.жас»).
2. Монография боларлық, соған жарарлық.
Төлеген Тәжібаевтың көлемді монографиялық зерттеуін атап айтқан жөн («Білім және еңбек»).