МОНОЛОГ

lat: Monolog

[грек. monologos, monos жалғыз, logos сөз] з а т.

1.әдеб.Әдеби шығармадағы кейіпкердің жеке сөзі.

Жазушы Ағарыстың ішкі монологы арқылы қазақ елінің өксігін, мұң-наласын сыртқа шығарады («Қаз. әдеб.»). Бөгде біреудің монологы арқылы да қаһарман тұлғасы беріледі (К.Сейдеханов, Қаһарман.). Ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді (Психология).

2. театр. Драматургиялық шығармадағы кейіпкердің өзімен-өзі сырласа айтқан сөзі, ой желісі.

Драмалық шығармадағы кейіпкердің өзімен-өзі сырласа айтқан сөзі монолог түрінде беріледіазақ әдебиеті). Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады (ҚҰЭ). Сахналық монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді (ҚҰЭ).