lat: Morý agentteri
геол. Таужыныстар мен минералдардың физикалық күйін және химиялық құрамын өзгертетін агенттер; су, оттек, көмірқышқыл газы, әртүрлі минералдық және органикалық қышқылдар, тірі ағзалар, Күн радиациясы.
Моруагенттері экзогендік процестерді туындатып, таужыныстарды жердің беткі бөлігіндегі табиғи жатыс жағдайында өзгертеді (Қаз. тілі термин. Геология).