МОТИВАЦИЯ

lat: Motıvasıa

ат. motivus] з а т. б и о л. Уәждеме (адам мен жоғары саты-дағы жануарлардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қимыл-әрекеттерін іске асыруға бағытталған ми құрылымының белсенді жағдайы).

Мотивация мінез-құлықтық әрекеттерді тұқым қуалағыштық немесе бұрын қалыптасқан шартты рефлекстік тәжірибелер негізінде жинақталған қандай да бір мақсатты жолға бағдарлайды (Қаз. тілі термин. Психология.). Мотивация бағытталған даралық (аштық, шөлдеу, ауырсынудан жалтару, жыныстық құштарлық және т.б.), топтық (ұрпаққа қамқорлық, топтық иерархияның ішіндегі алатын орындары және т.б.) және танымдық (бағдарлаушылық мінез-құлық, ойын әрекеттері және т.б.) болып сараланады (Қаз. тілі термин. Биология).