lat: Muǵalim, oqytýshy, pedagog, ustaz.
Оқу орындарында оқушылар мен студенттерге білім және тәлім-тәрбие беретін оқу пәнінің мамандары.
Қапанның азырақ түзеле бастағаны бұл ауылға Қасен мұғалім болып келгеннен былай қарай еді (Б. Майлин).
Оқу ауыр болса да, оқытушы мен оқушылар күлісіп, желпінісіп алады (Ғ. Мұстафин).
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының тұңғыш мұғалімі, педагоғы (Ы. Ақынжанов).
Алпысбай - оқытудың теориясы мен методикасын жақсы меңгерген тәжірибелі ұстаз («Қазақст. мек.»).