төңкерістен бұрынғы Ресейдегі бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын педагогикалық оқу орны. Ресейдегі тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1770 ж. Мәскеу университетінің жанында ашылды. ХІХ ғ.-да орыс-қазақ мектептері үшін мұғалімдер Қазан, Орынбор, Омбы, Ташкент т.б. қалаларындағы мұғалімдер семинариясында даярланды. Қазақстандағы тұңғыш семинариясы 1903 ж. Семейде ашылды. 1913 ж. Ақтөбе, Верный (қазіргі Алматы) және Оралда ашылды. Көптеген қазақ қаламгерлері мен қоғам қайраткерлері мұғалімдер семинариясында білім алған. Олардың қатарында С.Сейфуллинді, Н.Нұрмақовты, О.Жандосовты, С.Меңдешевті т.б. атауға болады. Қазан төңкерісінен кейін олардың орнына педагогикалық училищелер ашылды.