ислам діні сенім негіздері бойынша адамзатқа жіберілген соңғы елші әрі пайғамбар. Оның соңғы пайғамбар әрі елші екендігіне сену – ислам дінінің тіректерінің бірі. Елшілігі мен пайғамбарлық миссиясын жоққа шығару ислам теологиясы бойынша күпірлік әрекет болып табылады. Сонымен қатар исламнан шығуына себеп болады. 571 жылы 20 сәуірде (Раббиул әууәл айының он екісі) Мекке қаласында дүниеге келген. Әкесінің аты Абдулла, анасының аты Әмина. Әкесінен туылмай тұрған кезінде, ал анасынан 6 жасында жетім қалады. Немере ағасы Әбу Тәліп өз қамқорлығына алып, тәрбиелеп, өсірген. 25 жасында Хадиша есімді әйелге үйленді. Хадишадан төрт қыз, екі ұлды болды. Алла тарапынан пайғамбарлықтың хабарлары қырық жаста келді. Жиырма үш жыл араб қауымы мен адамзатты Алланың бірлігін тануға және ислам діні үкімдерін орындауға шақырды. 63 жаста Мадина қаласында дүниеден өтті.