lat: Muhammedtiń nury
д і н и. Дүниедегі барлық тіршілік иесінің нәр алатын Мұхаммед пайғамбардың мәңгі жасайтын жаны туралы ілім [Мұхаммед (с.ғ.а.) – Ахметбин Әбд Аллах (570-632 ж.) – Ислам дінінің негізін салған, Алладан қасиетті кітап – Құран түскен мұрсал пайғамбар, жер бетіндегі соңғы елшісі].
Сүнниттер арасында Мұхаммедтің (с.ғ.а.) нұры идеясы алғашында IХ ғ. қалыптасты да, кейін барлық сүнниттердің Құдайға құлшылық ету тәжірибесіне енгізілді (Ислам энцикл.).