Мұқату, кеміту, кекеу

lat: Muqatý, kemitý, kekeý.

Біреудің кем-кетік кемшілігін айтып сөгу, мінін бетіне басу.

Кездескен сайын сары Сатай мені бір мұқатып қояды (О. Сәрсенбаев).

Кенесарыны ел бастады, қол бастап көтеріліс шығарды деп кеміту ақылға сыймайды (Ж. Бектұров).

Оның «жабағы сақал» деп кекегеніне Қаңбақбай қабақ шытқан жоқ (3. Жөкенов).