Мұрнын бұзды

lat: Murnyn buzdy

Ұрды, сазайын тарттырды.

- Мәкеш, екеумізді біреу шағыстырған ғой, соны айтшы мұрнын бұзайын (Қ.Қуанышбаев, Шонжарлар).

Бақталасынан өш алуды Қажым ойлаған да жоқ. Тіпті Асылқанның мұрнын бұзбақ болған Асқарды өзі басып тастады (Қ.Жұмаділов, Қаздар.).