кең мағынада - мұздықтың және оның еруі кезінде су ағындарының әрекеті нәтижесінде түзілетін барлық шөгінділер: мореналардың түрлі типтері, флювиогляциальды және көлдік-мұздықты шөгінділер. Кей жағдайларда оларға мұздықты-теңіздік шөгінділер, яғни қайраңдық мұздықтардың мореналары, мұзтаулық мореналар және басқалар жатқызылады. Кесек материалдың сипаты бойынша барынша әртүрлі болады: қойтасты саздар, қойтасты мергель, малтатас, құмдар, құмдақтар, саздақтар, таспалы саздар және т.б.