«ластау, былғау, арамдау», «лас, былғаныш». Екі мағынасы да қазақ фольклорлық жырларында кеңінен қолданылған. Шығармаларда «опасыз дүние-мүлік, ақша» деген ұғымдағы «нәжіс дүние», «лас, жиіркенішті адам» дегенді білдіретін «нәжіс жан», «арам, пасық» деген ұғымды білдіретін «іші нәжіс» тіркестері кездеседі. Қазіргі тілімізде «үлкен дәрет, боқ» деген ауыспалы мағынада қолданылады.