НӘСІЛДІК

lat: NÁSİLDİK

с ы н. Нәсілге тән, тұқым- қуалаушылық.

Инстинк көбінесе дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы (Қ.Жарықбаев, Психология).

Қоғамдық белсенділіктің қандай түрдегі көрінісі болса да, баланың тұқым қуалауынан пайда болған нәсілдік қасиеті емес («Қазақст. мект.»).

Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік,нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді (ҚР Конституциясы).