НӘЗІК

lat: NÁZİK

с ы н. 1. Үзіліп түскелі тұрғандай, жіп-жіңішке, сүйкімді. 

Еркелі нәзік қолмен маған тиді,

Ұмытпа деп айырылған жерде берді.

Қан сорғалар жүзіңе жас сорғалап,

Қайғымен өртенгеннің белгісі еді (Абай, Тол. жин.).

Қызба сөздің үстінде Иван өзі қолтықтап келе жатқан Маринаның нәзік білегін қаттырақ қысып жіберсе керек .Дүзенов, Ант).

Рахмет, Сәулеш!— Талғат нәзік саусағынан қатты қысты .Тоқаев, Түнде.).

2. а у ы с. Берік емес, әлсіз, осал. Жіп нәзік жерінен үзіледіаз. мақал.).

Ақтиін терісі өте нәзік және жұқа болады.Кенжебаев, Орман.).

3. а у ы с. Арық, жүдеуі

Шамасы бала сонда алты жасар,

Қурайдай жіп-жіңішке, нәзік, нашар.

Сықылды тау киігі жатырқаған,

Жоламай жанға жақын сырттан қашар.Байтұрсынов, Ақ жол).

Ғашыққа сендей шыдап жүре алмадым,

Қойныңа, арманым сол, кіре алмадым.

Қайтейін атым әйел, денем нәзік,

Еркектей қайрат қылып тұра алмадым (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

4. а у ы с. Көзге көрінбейтін ұсақ-түйек зат.

Адам баласын екі аяққа бастырып, өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, оның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ берді (Абай, Тол. жин.).

5. а у ы с. Кәсіби шеберлікті, ептілікті қажет ететін.

Түркменстанның бай табиғатын нәзікте шебер, әсем де берік кілем бетінде сан алуан бояумен шешен сөйлеткен («Қаз. әдеб.»). Болаттың қырын шығару ең нәзік жұмыс.Бегалин, Сәтжан).

6. Биязы, ұяң.

Терезенің алдынан өте бергенімізде менің құлағыма біздің ауылда жоқ бір нәзік дауыс таза бұлақтай естілді (Ү.Уайдин, Ендігісі.).

7. ж е р г. Нашар .

Осында бір тексерушілер келіп, істердің нәзік деп кетіпті дегенді естідік (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).

8. а у ы с. Әсем, сұлуабиғат туралы).

Өзі пері, Иранбағы жерлері оның,

Бұралған нәзік зипа белдері оның,

Жалғанда көремін бе ғұмыр бойы,

Билеген пері жұрты елдері оның (Сейфүлмәлік).

9. а у ы с. Сезімтал, жаны жұмсақ.

Ақынның қарағайы жары да сол,

Ата-ана, малы-мүлкі, жаны да сол.

Сезімпаз қарағайдың нәзік қылы

Ақынның жүрегіне жалғанған ол.Жұмабаев, Шығ.).