lat: NÁZİK
(пар. нәзик نازك)
1. Жіңішке, қылдай.
Ақтығы денесінің жауған қарша, Жіңішке нәзіктігі қылдан анша («Орқа – Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).
Өзі пері, Ирамбақ жерлері оның, Бұралған нәзік зипа белдері оның («Қисса Сейпілмәлік шаһзада – Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).
Белі нәзік, мойны ақ лағыл дейлер, Қосылып қандай жігіт болды алар («Қисса Баһрам». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
Қолаң шашты, қара көзді, хош сөзді, қиғаш қасты, нәзік белді, мол ғақылды... («Фельтон (бір қазақ қызы)», Айқап, 1911, №7).
2. Әсем, көркем, сәнді.
Нәзік зипа һәр жерім, Ғұнчә рефа һәр жерім («Қисса Таһир – Зүһра». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
Сипаты бұл суреттің орта бойлы, Бейне гүл үлбіреген нәзік мойны («Сейфүлмәлік». Ғашықнаме, 1976).