lat: NÁZİK /24/
сын. 1 . Үзіліп түсердей болып, үлбіреп тұрған, әлжуаз (гүл).
Бәрі де бар, бәрі бар. Жетпей тұр-ау бірдеңе.
Анау алып шыршаға, мынау нәзік гүлге де,
Мына келген тамызға, кешегі өткен шілдеге (2,208).
Нәзік гүлдей жаңадан ғана гүл ашқан,
Өсірген бізді, өшірген бізді бір аспан.
Көктемнің нәрі денеде біздің бой жасап,
Ертең-ақ семіп, солатындығын ойласам (4,14).
2 . Жіңішке, әлсіз (дауыс).
Ызыңдап нәзік үн шығар,
Үн шығар дағы тұншығар.
Шегіне жеткен сым ішектер,
Үзілейін деп тұр шығар (3,146).
Сап болды бар ой, бар шыдам,
Жіберді сәби еңіреп.
Ал оның нәзік даусынан
Селк ете қалды төңірек (2,313).