lat: NÁZİKTİK
с ы н. 1. Сұлулық, көркемдік, әдемілік.
Нәзіктік шіркін кімге жараспаған, неге жараспаған? Нәзіктік шіркін әдептілік пен әдеміліктің сиқырлы символы ғой («Қаз. әдебі»). Құралай – пәк, күнәсіз нәзіктік, сұлулық символы (Е.Тұрысов, Құралай.).
2. Талдырмаштық, жіңішкелік, сүйкімділік.
Жәмиләнің денесі бұрын жіңішке, сұңғақ сияқтанса, кәзірде жуан, жауырынды, икемсіз, ешбір нәзіктік белгісі жоқ, сүйкімсіз сияқтанады (М.Әуезов, Қараш.).
Саусақтары мен білегінің нәзіктігіне, денесінің өте талдырмаш әлі толысып жетпегеніне қарағанда Дуся бала қыз дерлік (XіЕсенжанов, Ақ Жайық).
Сынайсың қолымыздың нәзіктігін,
Ол үшін демес ешкім жазықтымын (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес.).
3. а у ы с. Биязылық, асқан шеберлік, ұқыптылық.
Ертеңіне қаладан оралған хирург Әділхан жасаған операцияның н ә з і к т і г і н е, тігісінің шеберлігіне тәнті болды (М.Сүндетов, Құмда.).
Цехтардағы үнсіздік те жұмыстың осындай өте н ә з і к т і г і н е н және байсалдығынан болса керек («Білім және еңбек»).
4. а у ы с. Iзеттілік, әдептілік.
Мысалы, Бәйкен Әшімов – керемет ақсақал, ғажап адам, биязы, мәдениетті, әзіл-қалжыңында да бір нәзіктік бар. Ұғым-түсінігі де таза, кәдімгі шынайы қалпымен өмір сүріп келе жатыр («Жас Алаш»).
Нәзіктік әлсіздік емес, әдемілік, ол дөрекіліктен аулақ құбылыс (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
5. Әлсіздік, төзімсіздік, осалдық.
Адамды жаратушы көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Ол көз нәзіктігінен керегіне қарай алып, жауып тұру үшін қабақ беріпті (Абай, Тол. жин.).