lat: NÁZİKTİK
зат. Биязылық, жұмсақтық .
Аққулар, кешіріңдер, жазықтымын!
Қараймын керуеніңе қажып бүгін.
Адасып кетті-ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менен нәзіктігім ! (2,70).
Өзгер, түзел, мен де кешем өкпемді,
Жаулық емес, жылыт махаббат көктемді.
Өзіңе өзің қайырымды, жомарт бол,
Әсем-ақсың, нәзіктігің жетпеулі (4,11).