НУН, НОН

lat: NÝN, NON

(ар. нун نون) араб әліпбиіндегі н дыбысының атауы.

Әуел кәф пенен нунды жаратыпты, Пенделерді ай мен күнге қаратыпты («Қисса Жұмжұма». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Біздерге жәрдем бергіл, Азим, Сұбхан, Жаралды кәф, нуннан мұнша ғұлман («Қисса Һамра, Хұсрау патша». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).

Бір нон тұр қосылуға кәфке құмар, Болған соң күнфикун, болар тұмар астарБір үйге». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Жапырақтың біреуі кәф, біреуі нон, Көңілді Хаққа қойып, айталық шын («Кәф пен нон». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Құдайдың қаламымен жазылған нон, Басы жетпіс, аяқ елу, ортасы онБір үйге». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Аршаға атың жазылды, Қаппенен, син, нонменен («Алпамыс батыр қиссасы». Бабалар сөзі. 34-том. 2006. 100 томдық).