НУВОРИШ

lat: NÝVORISH

[франц. nouveau riche жаңа бай] тез арада қандай да бір жолмен (заңды немесе заңсыз) байыған, алайда осы жаңа әлеуметтік ортаға әлі де толық бейімделе алмаған адам, яғни қуыс кеуде-бай. Нувориштар әр елдерде де кездеседі, бірақ бұл ұғым, көбіне, дамушы елдердегі ұлттық азаттықтан кейін, асығыстықпен жүргізілген экономикалық реформаларды, тез баюға ашылған жолдарды, әсіресе, алып-сату, сауда-қаржылық айлакерлік, жемқорлық және т.б. әдістерді пайдаланып қор жинағандарға қолданылады. Олар қоғамда пайдакүнемдікті асыра сілтеп, ашкөзділік танытып, көпестік бейбастық жасап, рухани кедейлік көрсетеді.